«Танымай қалдық». Ерекше образдағы Димаш жанкүйерлерін тағы да тәнті етті
© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген түсірілім алаңындағы жаңа бір кадрмен бөлісіп, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды. Оның сахналық образы түбегейлі өзгеріске ұшырағаны сонша кейбіреулер әншіні танымай қалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрын Димаш концерттерде және бейнебаяндарда әрдайым романтикалық образда көрінсе, ал 16 шілдеде Instagram-дағы парақшасында жарияланған видеода Димаш темір-сауыттағы ежелгі жауынгердің кейпіне еніпті. Оған қоса ол ежелгі қару - қылышты шебер басқара алатынын да байқатып қалды.
"Түсірілім алаңынан сәлем", - деп жазды Димаш өзі желіге жүктеген видео астына.
Бұл жазба 30 минут ішінде 8 мыңнан астам лайық пен 700-ден астам пікірлерге ие болды.
- Мә, алғаш көргенде Димашты танымай қалдым, шын айтамын!
- Біздің жауынгеріміз.
- Мына видеоны қарап отырып, тілден айырылдық қой. Бізді таң қалдырудан жалықпайды, Димаш.
- Сенің патшалығына бару үшін қай жерге жазылуымыз керек?
- Шебер деймін, қылыш қалай-қалай кетті)
- Үлкен дүние дайындалып жатқан секілді ғой, асыға күтеміз...
Бұған дейін Димаштың әнін орындаған бүлдіршін желінің жұлдызына айналғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды
-
19:45, 15 желтоқсан 2025
Берлиндегі АҚШ пен Украина келіссөздерінің қорытындысы жария болды





