Таллон Грикспор теннистегі карьерасын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты

© Сурет: ktf.kz
Әлемнің 24-ракеткасы Таллон Грикспор (Нидерланд) мотоцикл жарысына деген құштарлығы жөнінде айтты. Ол теннистегі карьерасын аяқтаған соң осы спорт түріне оралуды ойлап жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әкем, өкінішке қарай, мотожарысты тастап кетті, бірақ жиендерім шұғылданады. Отбасымдағылар "мотожарыс", "теннис" деп бөлініп жатады. Бұрынырақ жас кезімде өзім де шұғылдандым, әлі де ұнайды және көп жарысты қараймын. Алайда қазір бұл өте қауіпті. Юниорда ойнап жүргенімде жастықтықпен матчқа бір-екі күн қалғанда айдаймын деп, білегімді жарақаттап алғаным есімде, үш аптадан кейін ғана турға оралдым. Ата-анам сөйтіп байкқа тыйым салды. Экстремал спортты қатты сағындым және теннистегі карьерамды аяқтаған соң бұл спортпен айналысамын деп ойлаймын", - деді Таллон баспасөз мәслихатында.
Нидерланд ерлер құрамасының көшбасшысы Дэвис кубогының қазіргі форматын сынға алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:22, 6 желтоқсан 2023
Қазақстанда жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін
-
10:10, 6 желтоқсан 2023
Әлемдегі ең беделді әйел анықталды
-
09:56, 6 желтоқсан 2023
Босқын мәртебесін алғысы келетін шетелдіктер медициналық тексеруден өтеді
-
09:42, 6 желтоқсан 2023
Қоғамдық көлікке басымдық беріледі: Алматыда жолаушылар тасымалы реттеледі
-
09:30, 6 желтоқсан 2023
6 желтоқсандағы танымал криптовалюталардың бағасы белгілі болды