Талдықорғанда ұландықтар Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетті
© Сурет: ҚР ІІМ
Талдықорғанда ҚР ІІМ Ұлттық ұланға қарасты 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Хұсайынов ақсақалға құрмет көрсетті.
Ардагердің үйіне арнайы барған ұландықтар майдангерге алғыс айтып, оның өшпес ерлігі мен батылдығын әрқашан үлгі тұтатындықтарын атап өтті.
Әскери бөлімнің командирі Әмір Мансұров ардагерге алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.
"Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдарында етігімен су кешкен ерлердің есімі ел жадында қалады. Біздің жас сарбаздар үшін ардагерлердің даңқты ерлігі қашан да үлгі болары сөзсіз. Ел қорғаған соғыс ардагерлеріне қандай құрмет көрсетсек те лайық. Ұландықтар Отан үшін оқ кешкен батырларға әрдайым құрмет, қамқорлық көрсетуге дайын", — дейді командир.
Әскери оркестр соғыс жылдардағы әндерді орындап, шағын концерт қойып берді. Бұдан кейін ұландық жауынгерлер салтанатты маршпен жүріп өтіп, қарт майдангерге құрмет көрсетті. Ардагер көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, майдандағы естеліктерін әңгімеледі. Ол бейбіт өмірдің қадірін біліп, жастарды Отанды сүюге, бірлік пен татулықты сақтауға шақырды.
"Біз кешкен ғұмырды сендерге бермесін. Жұрттың басына қара бұлт төнбесін. Елдің іргесіне жау тимесін. Әрқашан аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Менің тілегім сол, — дейді соғыс ардагері. Ұландықтар алдағы уақыта да ардагерлерді қолдау мен құрметтеуді жалғастыра бермек."
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:52, 7 сәуір 2025
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан екі ауданда жарық өшіп қалды
-
22:14, 7 сәуір 2025
Алматының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға маңызды мәлімдеме жасады
-
21:00, 7 сәуір 2025
Алматыда нөсер жауын басталды: қалада не боп жатыр
-
20:58, 7 сәуір 2025
Алматыда алай-дүлей нөсер басталды: қалада не боп жатыр
-
20:42, 7 сәуір 2025
Астанада мешіт маңында мүгедектігі бар ер адам мен полицей арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды
Танымал жаңалықтар
-
11:32, 7 сәуір 2025
-
09:02, 7 сәуір 2025
-
11:59, 7 сәуір 2025
-
09:28, 7 сәуір 2025
-
10:26, 7 сәуір 2025
-
11:24, 7 сәуір 2025
-
13:24, 7 сәуір 2025
-
09:49, 7 сәуір 2025
-
14:20, 7 сәуір 2025
-
11:07, 7 сәуір 2025
-
12:48, 7 сәуір 2025
-
09:36, 7 сәуір 2025
-
12:10, 7 сәуір 2025
-
12:36, 7 сәуір 2025
-
10:16, 7 сәуір 2025