Шымкентте 7 сәуірде жылыту маусымы аяқталады

09:28, 7 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Еліміздің үшінші мегаполисінде 7 сәуірде жылыту маусымы ресми түрде аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы қала әкімдігінің ақпаратынан белгілі болды.

"Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес көктем мезгілінің басталуына және ауа-райының жылуына байланысты 7 сәуірде жылыту маусымы ресми түрде аяқталатынын хабарлаймыз". Шымкент қаласының әкімдігі

Бұл ретте, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында, тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жалғасады.

Сонымен қатар, әкімдік сыртқы жылыту жүйелерінде жөндеу немесе профилактикалық жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе "Қуатжылуорталық-3" МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов әкім Нұрымбет Сақтағановпен бірге Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне тексеру жүргізгендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!