Екпе егу баланың миы мен жүрегіне әсер ететіні рас па

13:24, 7 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Әлеуметтік желілерде тараған видеода америкалық вирусолог Роберт Уоллес Мэлоун вакцинация балаларға қаупі екенін ескертеді. Егу ми мен жүректі зақымдайды, сонымен қатар баланың иммундық жүйесінде генетикалық өзгерістерге әкеледі екен. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Желіде тараған бұл ақпарды stopfake.kz мамандары "жалған" деп атап отыр. Сарапшылардың айтуынша, Роберт Мэлоун вакцинацияның "зияны" туралы даулы мәлімдемелерімен белгілі. Бұл ретте, оның пікірін растайтын ғылыми негізделген және тәуелсіз зерттеулер жоқ.

Мәселен, 2021 жылдың қарашасында Мэлоун Twitter-де жалған видео жариялады, онда ол спортшылардың өлімі COVID-19 қарсы вакцинациясымен байланысты дейді. Осындай жағдайлардың бірінде индианалық 17 жасар футболшы Джейк Уэст қайтыс болған екен. Оның жүрегі тоқтап қалған. Мэлоуннің пікірінше, оның өліміне вакцинация себеп болды. Кейін Уэсттің COVID-19 пандемиясына дейін көз жұмғаны анықталды. Twitter 2021 жылдың желтоқсанында жалған ақпарат таратқаны үшін Мэлоунның аккаунтын біржола бұғаттайды.

Сурет: unsplash

Мэлоун өзін үнемі мРНҚ вакциналарының әзірлеушісі ретінде таныстырады. Pfizer және Moderna өздерінің COVID-19 қарсы екпелерінде дәл осы технологияны пайдаланған.

2021 жылдың шілдесінде logically басылымы доктор Мэлоун туралы мақала жариялады. Онда мРНҚ вакциналары мен оларға негіз болған технологияны ойлап тапқан ол емес делінген. Осы материалға жауап ретінде Мэлоун вакциналарды жасамағанын, бірақ "вакцина технологиясы платформасының" авторымын деп мәлімдейді. Бұған дәлел ретінде Мэлоун тоғыз патент ұсынған, бірақ олардың ешқайсысы оның пікірін растаған жоқ.

"ХХ ғасырда балаларды жоспарлы иммундауды енгізу денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен жетістіктердің бірі болып саналады. 2024 жылы The Lancet журналында жарияланған зерттеу 1974 жылдан бері вакциналар бүкіл әлем бойынша 154 миллион адамның өмірін сақтап қалғанын көрсетті, бұл әр минут сайын құтқарылған алты өмірге тең. Осы құтқарылған адамдардың 95%-ы 5 жасқа дейінгі балалар",- делінген ақпаратта.

Бүгінде полиомиелитке қарсы вакцина балалар үшін міндетті екпелердің бірі. Ол 1950 жылдары әзірленгенге дейін жыл сайын АҚШ-та полиомиелиттен мыңдаған бала қайтыс болатын. 1953 жылы Америкада тараған індеттен 3 мыңнан астам бала көз жұмды.

Қазір қызылшаға қарсы егу жүргізіледі. Вакцина АҚШ-та 1960 жылдары пайда болды. Осы уақытқа дейін мұнда жыл сайын 3-4 миллионға дейін адам ауырып, 48 мың адам ауруханаға жатқызылып, 400-500 адам қайтыс болған.

Екпе егу миллиондаған адамның өмірін сақтайды, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар арасында, ал олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі көптеген зерттеулермен расталған.

Вакциналар туралы ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!