KFC қуырылған тауық етінің дәмімен тіс пастасын шығарды

12:36, 7 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

KFC фаст-фуд желісі Hismile ауыз қуысына күтім жасау брендімен серіктестікте қуырылған тауық етінің дәмімен тіс пастасын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бренд өкілдерінің айтуынша, тіс пастасының дәмі аңызға айналған 11 шөп пен дәмдеуіштерден тұрады. Белгілі болғандай, өнім саны шектеулі.

Сурет: Instagram/kfc

Тіс пастасы 12 евро тұрады. Өндірушілер балғындық пен тазалықты қамтамасыз ете отырып, ыстық, шырынды тауық етінің дәмі сезілетінін айтты.

Сонымен қатар, қызыл түстегі 54 евро тұратын электрлік тіс щеткасы да жарыққа шықты, оның үш тазалау режимі және кіріктірілген таймері бар.

Бұған дейін Түркияда "апельсин гүлі" карнавалы басталғандығы хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!