Талдықорғанда пропан тиеген екі цистерна аударылды

09:31, 1 ақпан 2026

© Сурет: pixabay

Талдықорғанда Абылай хан көшесінде теміржол рельсінен пропан газы тиелген екі цистерна шығып кетті. Оқиға тұйық теміржол тармағында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Видео авторы бұл аумақта жолдар жабылғанын айтқан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына 25 қызметкер мен 7 техника, сондай-ақ полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған. Жедел штаб құрылған. Қауіпсіздік мақсатында Абылай хан көшесінің аталған бөлігі уақытша жабылды. Тұрғындарға сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстану ескертілді.

Ведомствоның нақтылауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Теміржол төсеміне зиян келген жоқ, жағдай бақылауда, зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады департамент.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!