Қарағандыда жеке үйден құнды зат толы сейфті көтеріп кеткен күдікті ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Қарағандыда полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімінің жауынгерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Оған жеке тұрғын үйге ұрлыққа түсіп, сейфті көтеріп кетті деген айып тағылады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктінің туған жерінде осыған ұқсас ұрлық қылмысын жасағаны анықталған. Белгілі болғандай, күдікті Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің терезесін бұзып, заңсыз кіріп, ішінде ақша мен алтын бұйымдар сақталған сейфті алып кеткен. Жаңа жылдық мерекелік демалыстан кейін үйлеріне оралған қарағандылық отбасы бұл қылмысты анықтаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрады.
Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, күдікті өз кінәсін мойындап, қылмысқа қатысты айғақ заттар табылған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер ұсталған азаматтың қала аумағындағы жүріп-тұру бағытын зерттеп, оның бұрын тіркелген, ашылмай қалған өзге де ұрлық қылмысына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:49, 31 қаңтар 2026
«Тұман түсіп, боран соғады». Ақпан айының алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы
-
14:42, 31 қаңтар 2026
Қазақстандық Silk Way Star тележобасы алғаш рет Қытайдың орталық телеарнасынан көрсетілді
-
14:30, 31 қаңтар 2026
Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
-
14:05, 31 қаңтар 2026
ҚНРДА банктердің халықаралық операцияларына қатысты тексеру жүргізуге бастамашылық танытты
-
13:45, 31 қаңтар 2026
Алматыда ұрланған көлік табылды





