Жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

17:18, 31 қаңтар 2026

© Сурет: unsplash

2026 жылғы 1 ақпанда Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұма болады деп күтіледі. Атырауда да 1 ақпанда кей уақыттарда тұман болу ықтималдылығы жоғары.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігіндегі түнгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсетіні болжанады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Жезқазғанда 1 ақпанда күндіз көктайғақ болу ықтималдылығы жоғары.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда және Қонаевта 1 ақпанда түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда да 1 ақпанда тұман болу ықтималдылығы жоғары.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың орталығындағы екпіні 15 м/с құрайды. Ақтөбеде 1 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

1-2 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман болатыны болжанады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың оңтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Семейде 1 ақпанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысында тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда 1 ақпанда тұман болатыны болжанады.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылордада да 1 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 1 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 1 ақпанда кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 1 ақпанға арналған ауа райының жалпы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!