Алматыда полиция алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтады
© Сурет: polisia.kz
Алматының Түрксіб ауданында рейдтік іс-шаралар барысында учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңсыз сатылған тауар тәркіленіп, сауда нысанының иесіне қатысты әкімшілік материал жинақталды. Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәркіленген алкоголь өнімдері мемлекет кірісіне тәркіленіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жою үшін уәкілетті органдарға берілді.
Полицияның мәліметінше, аталған жедел-профилактикалық іс-шара аясындағы профилактикалық жұмыс құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге, тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға және аулалар мен тұрғын ықшам аудандарда қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған.
"Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға ерекше назар аударамыз, себебі мұндай фактілер қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылық деңгейіне тікелей әсер етеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:49, 1 ақпан 2026
ІІМ FPV-дрон операторларын даярлауды қолға алды
-
12:20, 1 ақпан 2026
Алматы мен Астанадағы валюта бағамы – 1 ақпан
-
11:58, 1 ақпан 2026
Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды
-
10:45, 1 ақпан 2026
Павлодарда Ертіс үстінен салынып жатқан көпірде өрт шықты
-
10:05, 1 ақпан 2026
Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады





