Алматыда ұрланған көлік табылды
© Сурет: polisia.kz
Алматыда полиция қызметкерлері Алатау ауданының аумағында жасалған автокөлікті айдап кету дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің бетін ашты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрланған көлік табылып, тәркіленді және бүтін күйінде заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қала аумағында көлік ұрлығы мен айдап кетудің алдын алуға, автокөлік иелерінің қырағылығын арттыруға және мүліктік қылмыстардың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараны аяқтады.
Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтың айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, автокөлікті айдап кету фактілерінің басым бөлігі көлік иелерінің қарапайым сақтық шараларын сақтамауынан туындайды.
"Көлік ұрлығына қарсы бағытталған жедел-профилактикалық іс-шарасы осындай қылмыстардың алдын алуға және көлік айдап әкетуге қатысы бар тұлғаларды дер кезінде анықтауға бағытталды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады", — деді ол.
Полиция азаматтарды қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауға, көлік құралдарын қараусыз қалдырмауға және күмәнді жағдайларда бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Бұған дейін Алматыда өз бетінше әрекет еткен бір топ адам ұсталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:49, 31 қаңтар 2026
«Тұман түсіп, боран соғады». Ақпан айының алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы
-
14:42, 31 қаңтар 2026
Қазақстандық Silk Way Star тележобасы алғаш рет Қытайдың орталық телеарнасынан көрсетілді
-
14:30, 31 қаңтар 2026
Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
-
14:05, 31 қаңтар 2026
ҚНРДА банктердің халықаралық операцияларына қатысты тексеру жүргізуге бастамашылық танытты
-
13:54, 31 қаңтар 2026
Қарағандыда жеке үйден құнды зат толы сейфті көтеріп кеткен күдікті ұсталды





