Қазақстандық Silk Way Star тележобасы алғаш рет Қытайдың орталық телеарнасынан көрсетілді
© Сурет: видеодан алынды
Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының гранд-финалы Қытайдың CCTV-15 музыкалық арнасынан көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
CCTV-15 музыкалық арнасы Қытайдың орталық телеарнасы құрамына енеді.
Silk Way Star гранд-финалының Қытайдың ең ірі медиа холдингінде көрсетілуі қазақстандық телевидение индустриясы үшін маңызды оқиға болды. 1,1 млрд-тан астам әлеуетті аудиториясы бар платформадағы хабар тарату сенсациялық оқиғаға жақын және елдер арасындағы гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып отыр, деп жазады Kazinform.
Қытайлық көрермен 12 ел: Қазақстан, Моңғолия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан келген орындаушылардың басын қосқан ауқымды халықаралық жобаның шарықтау шегіне куә болды.
Silk Way Star – Азиядағы осындай форматтағы алғашқы халықаралық вокалдық байқау. Жоба әртүрлі музыкалық дәстүрді, тілді және орындаушылық мектепті біріктірген бірегей мәдени платформаға айналды. Байқау продакшн, жанды дауыс, ауқымды қойылымдар және заманауи телеарналық өндірістің жоғары деңгейін көрсетті.
Айта кетсек, 24 желтоқсанда ІІ дәрежелі "Достық" ордені, сондай-ақ Мемлекет басшысының Алғыс хаты Silk Way Star беделді халықаралық байқауының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына табысталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:16, 31 қаңтар 2026
Australian Open-2026: Елена Рыбакина чемпион атанды
-
16:04, 31 қаңтар 2026
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігі заңсыз жекешелендірілген
-
15:51, 31 қаңтар 2026
«Жол бер!». ТЖМ алматылық көлік жүргізушілерін сынап көрді
-
15:37, 31 қаңтар 2026
Жаңа туған сәби санавиация көмегімен өңір орталығына шұғыл жеткізілді
-
14:49, 31 қаңтар 2026
«Тұман түсіп, боран соғады». Ақпан айының алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы





