Талдықорғанда көше патрулі күшейтілді

08:23, 21 ақпан 2020

Аулалардағы, көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу, оны болдырмау және орын алған қылмыстың "ізін суытпай" ашу мақсатында облыс орталығында тәртіп сақшыларының қызмет етуінің жаңа әдісі ретінде жаяу патрульдеу енгізілді. Қаланың 80 пайызы полицияның жаяу нардтарымен қамтылған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаяу патрульдеудің іске қосылуына орай Талдықорғандағы "Жастар" спорт кешені жанында полицияның кешенді күшетірінің бірыңғай таралымы өтті. Күн сайын қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалайтын патрульдік полиция нарядтары, учаскелік полиция инспекторлары, жедел қимылдайтын арнайы жасақтар бағдарларды мұқият тыңдап, басшылықтың тапсырмаларын алды. Тәртіп сақшыларымен қатар Ұлттық гвардия әскери қызметкерлері де сап түзеді.

"Арнайы талдау нәтижесінде оқиға немесе қылмыс орнына көп жағдайда жаяу жету оңай екені белгілі болды. Әрбір криминогенді учаске үшін аулаларды қамту арқылы жеке бағыт жасалды. Ол жерде жаяу патрульдеудің уақыты, бағыттың сипаттамасы, яғни қамтитын аудан көлемі, тұрғындардың шоғырлануы, тұрғын үйлердің саны, пәтерлер, ПИК саны, іздеу жарияланған тұлғалар саны және есепке алынғандардың саны сияқты мәлімет болады. Әрбір криминогенді бағытқа учаскелік полиция инспекторы, жаяу патрульдер, автопатрульдер, Полиция басқармасы басшылығы санынан жауаптылар мен тексерушілер тарапынан тексеру, атап айтқанда бір аумаққа төртжақты тексеру орнатылады. Жаңадан енгізілген өзгеріс қылмыс мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жақсы әдіс болады деп сенеміз", - деп атап өтті қалалық Полиция басқармасының бастығы полковник Асқар Нұрсапа.

Бірыңғай таратуға екі жүзден астам полицей қатысты. Бөлімше басшылары жеке құрамы арасында саптық қарау жүргізіп, кезекші тәуліктегі өзекті ақпаратты жеткізді.

Анықтама үшін: Алматы облысы бойынша барлығы 280 патрульдеу бағыты әзірленді. Оның 125 бағыты автопатрульдеу, ал 150-і жаяу бағыттар, 5 "Бекеттер модулі". Облыс орталығында патрульдеудің 60 бағыты әзірленсе, оның 40 бағыты жаяу патрульдердің еншісінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!