Таиландта бір топ турист төбелесіп, айыппұл арқалады

13:48, 27 қаңтар 2026

© Фото: pexels

Паттайя қаласында АҚШ азаматы Ұлыбританияның үш азаматымен төбелеске араласып, жарақат алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Pattaya News мәліметінше, туристер арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласқан. Британдықтардың бірі қарсыласының бетіне аяғымен соққы жасап, соның салдарынан америкалық азамат жерге құлап, есінен танып қалған. Жарақат алған азамат жол бойынан ес-түссіз күйде табылып, ауруханаға жеткізілген.

Кейінірек оқиғаға қатысқан барлық тараптар полиция бөлімшесінде кездескен.

"Екі тарап та жанжалға қатысқанын мойындап, тергеу барысында өзара түсіністікке келіп, татуласты. Тіпті келіспеушілікті шешу үшін достық әңгіме жүргізіп, құшақтасуға дейін барған", – делінген ақпаратта.

Бұл ретте, оларға 1000 бат (шамамен 15,5 мың теңге) көлемінде айыппұл салынған. Осыдан кейін олар босатылған.

Бұған дейін Ыстамбұлда қоқыс жәшігінен өзбекстандық әйелдің басы шабылған мәйіті табылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!