Миранда қағидаты: қандай жағдайда полицейдің әрекеті заңсыз деп танылады

19:58, 26 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев 2026 жылғы 26 қаңтарда конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысы кезінде сот шешімінсіз ұстау шегін қайта қарау туралы ұсынысқа түсініктеме берді, деп хабарлайды корреспондент Zakon.kz.

Жандос Өмірәлиев Конституцияның 16-бабына сот санкциясынсыз адамды қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту жөнінде ұсынылып отырған түзетуді жан-жақты пысықтау керек деп санайды.

"Конституцияда адам мен азаматтың құқығының және бостандығының негізгі кепілдіктері бар екенін атап өткен жөн. Біздің ойымызша, Конституцияның өзін, яғни 48 сағаттық қамау мерзімін және оны ерекше жағдайларда ұзарту негіздерін егжей-тегжейлі сипаттау артықтау болатын сияқты. Бұл жағдай Қылмыстық-процестік кодексi аясында реттеледі. Құжатта 48 сағат, ал ерекше жағдайларда 72 сағатқа дейін ұстау мерзімі регламенттелген. Сонымен қатар сот және тергеу тәжірибесі қазірдің өзінде осы бағытта жылжып келеді", - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, айғақтарды жинау процесі толығымен цифрландырылған, осындай технологиялық инфрақұрылым бұлтартпау шарасын таңдауға немесе ұсталғандарды 36 сағат ішінде, ал кейбір жағдайларда 24 сағат ішінде босатуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Қазақстан аумағында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!