Таиландта алып жылан бірнеше сағат бойы тұншықтырған әйел аман қалды

10:53, 20 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Полиция алып жылан екі сағат бойы тұншықтырған тай әйелін құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN хабарлауынша, 64 жастағы Аром есімді әйел Бангкоктағы үйінде ыдыс жуып тұрған сәтінде, аяқ аймағынан бірнеше шағуды сезінген.

Артынша питон құрбанын жерге құлатқанша орап алған.

Полицияның айтуынша, әйел екі сағат бойы жыланның құрсауынан шығуға тырысқан.

Зардап шегуші бар дауысымен көмек сұраса да, ешкім тіл қатпапты. Ақырында көршілерінің бірі оның айқайын естіп, полицияға хабарласқан.

Полицияның мәліметінше, құтқарушыларға оны босату үшін шамамен 30 минут қажет болды, содан кейін астана тұрғыны емделу үшін ауруханаға жіберілді.

Осыдан кейін жылан қашып кеткен.

Елдің ұлттық саябақтарының мәліметі бойынша, Тайландта жыланядардың 250 түрі бар. Оның ішінде алып жыланның үш түрі кездеседі.

Алып жыландар улы емес. Олар құрбанын алдымен тұншықтырып өлтіріп, содан кейін оны толығымен жұтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!