Таеквондодан Азия чемпионаты: Назым Махмұтова қола жүлдегер атанды

14:56, 23 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Назым Махмұтова таеквондодан Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Назым бұл кезеңде Қытай өкілі Сун Цземен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша қытайлық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!