Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
© Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжатқа президент 2026 жылдың 27 қаңтарында қол қойды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова – 1968 жылы Қарағанды облысында туған. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Қарой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
1991-1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.
1997-2008 жылдары "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеген.
2008-2011 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарған.
2011-2013 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының Жобалық офисі бағдарламасын басқарған. 2013-2019 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.
2020-2023 жылдар аралығында БҰҰ Даму бағдарламасының Әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі Ұлттық сарапшысы болды.
2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалған.
2023 жылғы маусымнан бастап, қыркүйек айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.
2023 жылдың 2 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:34, 27 қаңтар 2026
Спорт министрі Қазақстан құрамасының олимпиадалық киіміне қатысты айтылған сын-пікірге жауап берді
-
16:22, 27 қаңтар 2026
Көлік салығы, қайтыс болған жеке кәсіпкердің қарызы, сақталатын салықтық шегерімдер: нені ескеру керек
-
16:14, 27 қаңтар 2026
Мектептерге қағаз күнделік қайтып келе ме - министр жауап берді
-
16:03, 27 қаңтар 2026
27 қаңтарда доллар бағасы сәл көтерілді
-
16:03, 27 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады





