Суық су, картоп және ноутбук: 2024 жылы не нәрсе айтарлықтай қымбаттады

14:58, 5 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Ұлттық статистика бюросы 5 қаңтарда 2024 жылы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасы қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, инфляция 2023 жылда 9,8%-дан 2024 жылда 8,6%-ға дейін баяулады. Баға ақылы қызметтерге бір жылда 13,3%, азық-түлік емес тауарларға – 8,3%, азық-түлік тауарларға – 5,5% өсті.

Қызмет көрсету саласында тарифтер өсті: суық суға – 43,1%, су бұруға – 25,7%, орталықтан жылытуға – 22,3%, ыстық суға – 19,2%, электр энергиясына – 18,4%, тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 12,1%, қоқыс шығаруға 10,3%.

Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүруіне – 24,9%, қалалық автобуспен жүруге – 11,8% өсті.

Сондай-ақ, 2024 жылы ноутбуктердің бағасы – 67,3%-ға, сымсыз құлаққаптар – 55,2%–ға, USB флэш-дискілері — 54,9%-ға, планшеттер — 45,7%-ға өсті. Баллондардағы сұйытылған газ 10,1%–ға, қатты отын 10,4%-ға қымбаттады.

Азық–түлік өнімдерінен картоптың бағасы 37,7%–ға, тәтті бұрыш 25,5%–ға, зәйтүн майы 23%–ға, пияз 21,2% ға, қызанақ 20,3%-ға, қияр 18,8%-ға өсті. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 21,4%–ға, сәбізге – 8,7%–ға, қантқа – 3,2%-ға, күрішке — 2,9%-ға, қырыққабатқа — 1,7%-ға тіркелді.

"Өңірлердің ішінде ең жоғары жылдық инфляция Астана қаласында тіркелді – 10,7%, ең төмені Алматы облысында – 6,6%", – деп атап өтті бюро.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының бағасы Жетісу облысында – 7,9%–ға, азық-түлік емес тауарларға – Түркістан облысында — 13,2%-ға, ақылы қызметтерге — Астана қаласында — 16,9%-ға өсті.

Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өскені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!