Сұңғат Жұбатқан дзюдодан Гран-придің қола жүлдегері атанды
© Сурет: instagram.com/kaz_judoteam/
Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Адриан Нието Чинарроны (Испания) иппон ұпайымен ұтты.
Жүлделі орынға дейінгі жолда Сұңғат Израиль спортшысы Даниэль Капелушник, тәжікстандық Нурали Эмомалимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіп шықты.
Ширек финалда Мурад Чопановқа есе жіберген ол, жұбаныш белдесуде ұлыбританиялық Чарли Янгтан басым болып, қола медаль үшін күресу мүмкіндігін алған болатын.
Осылайша, спортшымыз 5 белдесудің 4-еуінде жеңімпаз атанды.
Бұл - Ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.
Гран-при жарысына 40 елдің 315 спортшысы қатысып жатыр. Бәсеке маусымның 4-іне дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





