Сумен жабдықтау жүйелерін салу мен реконструкциялауға кредит беру: ережелер жаңартылды
© Фото: pexels
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрықпен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеудің жаңа қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының шешіміне беріледі.
Бюджеттік кредиттерді беру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мынадай:
- өндіріп алу үмітсіз берешектерді қоспағанда, бюджеттік кредитті кредиттік шартқа сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
- міндеттемелердің орындалуын белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
- бюджеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
- бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредиттеу қарыз алушыға бюджеттік кредит беру, кейін оны түпкілікті қарыз алушыға беру жолымен жүзеге асырылады.
Кредитордың бөлінген кредиттік қаражатты тиімді және орынды пайдалануға, оларды уақытында қайтаруға және кредиттік тәуекелдің туындауын барынша төмендетуге негізделген мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бюджеттік кредиттеудің міндетті шарты болып табылады.
Бюджеттік кредиттеу процесінде:
- Кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қарыз алушының;
- Қарыз алушы мен түпкілікті қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалады.
Бюджеттік кредит қарыз алушыға онда бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің алдында берешектер болмаған жағдайда беріледі.
Қарыз алушы бюджеттік кредиттің қаражатын тек бюджеттік бағдарламада және кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.
Бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда қарыз алушыдан кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұл өндіріп алады.
Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.
Бюджеттік кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:
- іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
- бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
- қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі.
Бұдан басқа, қағидалар бюджеттік кредит беру және бюджеттік кредит беру шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру мен қаржыландыруға мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.
Бұйрық 2025 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





