Ақтауда Miyagi мен Нұрлан Сабыров Голливуд жұлдызы Джеки Чанмен кездесті

10:45, 27 шілде 2026
MKZ: 1558167

© Сурет: Instagram/miyagi_officialll

Әлеуметтік желілерде Голливуд жұлдызы Джеки Чан мен ресейлік рэпер Miyagi-дің бірге түскен видеолары кеңінен таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, жарияланған бейнежазбалардың бірінде Джеки Чан ресейлік әнші Miyagi-дің әндерін тыңдап, онымен жылы амандасады. Сондай-ақ актер рэпермен бірге суретке түсіп, көңілді уақыт өткізген.

Қазақстандықтарды ерекше таңғалдырған жайт – Джеки Чанның Miyagi шығармашылығымен жақсы таныс екені. Бейнеден оның рэпердің әндерін ықыласпен қосылып айтып отырғанын көруге болады.

Фото мен видеолар Miyagi-дің Instagram-парақшасында жарияланған. Кадрларда олардың жанында танымал қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров та көрінеді.

Бұған дейін Ерке Есмахан 3 жылдық демалысынан кейін өнерге қайта қадам басуда екенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!