Сүйінші! «Міржақып. Оян қазақ» фильмі екі номинация бойынша үздік деп танылды

13:16, 20 сәуір 2024

© Сурет: Instagram/murat_yeszhan

"Міржақып. Оян қазақ" фильмі "Сыншылар таңдауы" байқауында бірнеше номинация иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйінші хабармен фильмнің продюсері режиссері Мұрат Есжан Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі "Сыншылар таңдауы" байқауында 80 фильмнің арасынан 10 номинацияның төртеуінде, яғни "Көрермен таңдауы", "Үздік сценарий", "Үздік ер адам бейнесі", "Үздік екінші пландағы әйел бейнесінде" бақ сынап, екеуінде үздік атанды. Біз үшін қымбат жеңіс – "Көрермен таңдауы" және осы фильмнің бас актері Бақыт Қажыбаев ағамыздың "Үздік ер адам бейнесін" алуы. Сериал боп басталып, фильмдермен бақ сынадық. Осы жобаның барша тілеулестерін құттықтаймын", - деп жазды ол.

Айта кетсек, елімізде көрермендерге жол тартқан отандық тарихи фильм - "Міржақып. Оян, қазақ" аншлагқа ие болды. Оның көрсететілімінің тоқтауына байланысты кейбір түсінбестіктер де орнады. Бұдан кейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған фильм прокатына қатысты толыққанды мәлімет ұсынған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!