Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде

14:58, 2 мамыр 2024

© Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс" жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге "AMANAT" партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры - Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы - Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, "САМИ" ЖШС-нің бас директоры - Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.

Шымкентте , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 14:58

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Таза Қазақстан" республикалық экоакциясы "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды.

Шымкентте , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 14:58

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты.

Шымкентте , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 14:58

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, іс-шараға "Экология, өлкетану және туризм орталығы" мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.

Шымкентте , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 14:58

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!