Екібастұзда жолдан өтпекші болған тұрғын ауруханадан бір-ақ шықты

18:44, 2 мамыр 2024

© Фото: zakon.kz

Екібастұзда жолдан өтпекші болған тұрғын ауруханадан бір-ақ шықты. Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде сағат 21:00-де М. Жүсіп көшесі бойында Toyota Estima автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты.

"Жол апаты салдарынан әртүрлі жарақаттармен жаяу жүргінші Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды. Тексеру жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады департамент.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!