Ташкенттегі Азия чемпионаты: Эльжана Тәниева екі бағдарламадан соң көш бастап келеді

20:15, 2 мамыр 2024

© Сурет: olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігінде Қазақстан намысын Эльжана Тәниева мен Айбота Ертайқызы қорғап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы екі бағдарламадан соң (алғашқы он спортшы арасында) Эльжана Тәниева бірінші орында келеді. Ол шығыршықпен жаттығуда 34,3, доппен жаттығуда 33,85 ұпай жинап, жалпы есебі 68.15 ұпай иеленді.

Айбота Ертайқызы 65.15 ұпаймен үшінші орында келеді.

Бұл аралық нәтижелер екенін еске саламыз. Көпсайыста жеңіске жеткен спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!