Мадридтегі турнир: Елена Рыбакина жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасымен кездеседі

18:20, 2 мамыр 2024

© Сурет: instagram.com/mutuamadridopen

Бүгін Астана уақытымен 00:30 шамасында қазақстандық Елена Рыбакина Мадридте белоруссиялық Арина Соболенкомен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің екі үздік теннисшісі өзара мықтыны анықтайды.

Рыбакина өз мансабында тұңғыш рет Мадридтегі турнирдің жартылай финалына жетіп отыр. Елена мен Арина тоғызыншы рет кездескелі отыр.

Екі спортшы арасындағы өзара тартыста Соболенко 5:3 есебімен алда келеді.

Айта кетелік, биылғы маусымда Елена Рыбакина Брисбендегі (Австралия) WTA 500 турнирінде, Дубай (БАӘ) және Штутгарт (Германия) додасында топ жарды.

Сондай-ақ, Доха (Катар) мен Майамиде (АҚШ) өткен WTA-1000 санатындағы турнирлердің финалына шықты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!