Қазақстанда сауда орталықтары үшін жаңа ереже енгізіледі

14:12, 2 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстанның сауда орталықтары келушілерді сапалы Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы 2 мамырда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, ол сауда орталықтары мен тамақтану орындарында нашар Wi-Fi жұмысына тап болған.

"Мен, сіздер сияқты, байланыс мәселелерімен бетпе-бет келемін, әсіресе қоғамдық тамақтану орындары мен ірі СОО-да Wi-Fi желілері сапасыз салынған. Біздің келесі қадамымыз осы бағытта болады деп ойлаймын. Заң жобасы аясында біз ірі бизнес-орталықтарды Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуге міндеттейтін боламыз. Біз бұл сапаны бақылауда ұстаймыз. Менің ойымша, барлығына сауда орталығында немесе кафеде, сапалы интернетке ие болу ыңғайлы болады",-деп түсіндірді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Сенат отырысында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Қазақстанда интернетті қалай арзанырақ, ал ұялы байланысты қалай жақсартуға болатынын айтып берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!