«Сүйікті адамың неге ашуыңа тиеді»: психологтар себебін түсіндірді
© Сурет: magnific
Отбасылық кеңесші Моника Риччидің айтуынша, берік қарым-қатынастың өзінде серіктестің әдеттері мен сөздері кейде адамның ашуын келтіруі мүмкін. Бұған жиналып қалған өкпе-реніш пен шешілмеген жанжалдар себеп болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Fox News басылымының мәліметінше, уақыт өте келе қарым-қатынаста серіктесті теріс қабылдау үрдісі қалыптасуы мүмкін. Мұндай жағдайда адам бейтарап сөздер мен қарапайым сұрақтардың өзінен сын іздей бастайды. Мысалы, сантехникке қоңырау шалуды өтінуді сөгіс ретінде, ал кешкі ас әзірлеуге көмектесуді адамның өз міндетін дұрыс атқара алмайтынына жасалған ишара ретінде қабылдауы мүмкін.
Маман серіктестің жақсы қасиеттеріне саналы түрде назар аударып, қарым-қатынастағы жағымды сәттерді жиі байқауға кеңес береді. Готтман институтының мәліметінше, тұрақты әрі бақытты жұптарда жанжал кезінде бір жағымсыз қарым-қатынасқа шамамен бес жағымды қарым-қатынас түрі сәйкес келеді.
Қарым-қатынастың алыстауына әсер ететін тағы бір себеп – үйреншікті жағдайға айналу. Ұзақ уақыт бірге тұрған жұбайлар бір-бірінің мінезі мен реакциясын жақсы білеміз деп ойлап, өзара қызығушылық танытуды доғаруы мүмкін.
Риччи қарым-қатынастағы қызығушылықты қайта жандандыруды ұсынады. Ол үшін ашық сұрақтар қойып, жақын адамыңның уақыт өте қалай өзгергенін білу және оны бұрыннан зерттеп қойған кітаптай қабылдамау маңызды.
Отбасылық терапевт Анна Элтон да қарым-қатынасқа қуаныш пен бірге өткізетін уақытты қайтару қажет деп есептейді. Оның айтуынша, жұптар көбіне қарым-қатынастың басындағы көңілді сәттердің жетіспейтінін айтады.
Мамандар бір-біріне жиі алғыс білдіруге, жақсы сәттерді байқауға және эмоционалдық жақындыққа көңіл бөлуге кеңес береді.
Сонымен қатар серіктестің әрекетін бағалаумен қатар, өз реакцияңды да саралай білу маңызды. Өзін-өзі түсіну адамның ашуы нақты бір жағдайдан емес, ұзақ уақыт бойы жиналған жағымсыз сезімдерден туындағанын байқауға көмектеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:52, 16 қараша 2026
Алматыда дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған әйелдің өмірін сақтап қалды
-
16:47, 16 қараша 2026
Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
-
16:41, 16 қараша 2026
Қазақстанда екпе алмаған балаларды қандай жағдайда мектеп пен балабақшаға жібермеуі мүмкін
-
16:31, 16 қараша 2026
Түркістан облысында полиция жолға лас су төккен жүргізушіні ұстады
-
16:25, 16 қараша 2026
«Әйтпесе кітап оқымайды»: Қазақстанда оқушыларға диктант пен шығарма не үшін қайтарылды





