«Сүйектері сынғыш». Алматыда дәрігерлер ауыр дертпен туған бүлдіршінге күрделі ота жасады

21:52, 31 наурыз 2023

© Сурет: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқарамасы

Алматыда №2 қалалық клиникалық аурухананың травматолог-ортопед мамандары майтабанның туабітті ауыр түрімен және жетілмеген остеогенез (сүйектердің сынғыштығы) дертіне қатар шалдыққан 4 жастағы балаға өте күрделі ота жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйектері морт сынғыш болғандықтан ұзақ уақыт бойы ота жасауға мүмкіндік болмаған.


Аурухана баспасөз қызметінің дерегінше, туабітті ақауды түзету мақсатында пациентке сіңір ауыстыру, ахилопластика, аутотрансплантант орнату сынды бірнеше хирургиялық манипуляция жасалды. Күрделі операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.

Травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалиннің айтуынша, сүйектері морт сынғыш болғандықтан ұзақ уақыт бойы ота жасауға мүмкіндік болмаған. Осы уақытқа дейін ол елордадағы "Ана мен бала" ғылыми-зерттеу институтының алмастыратын терапиясымен шектеліп келген.

"Бала іштен осындай дертпен туған. Уақыт өте келе табандары ауырып, пішіні өзгерген. Бала болып жүгіріп, секірмек түгіл, аяғы басқанда да ауыратын. Біз көпке дейін оған ота жасай алмадық. Егер жасасақ сүйектер шыдамай, шашырап сынып кететін еді. Сол себепті баланың сүйегі қатқанша, яғни 4 жасқа дейін күттік. Вальгусты майтабанға ота жасалды, енді ол жоғарыда айтылған шағымдардың бір бөлігінен арылуы тиіс". Травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин


Күрделі ота

Сурет: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқарамасы


Кішкентай пациент ауруханадан шықты. Алдағы уақытта ол медициналық оңалтудан өтеді. 

Бүгінде туабітті ақау зардабын тартып келе жатқан, инсульт салдарынан мидағы қан айналымы бұзылған, инфарктпен ауырған, омыртқасы мен буындарына немесе кардиохирургиялық ота жасатқан, қимыл-қозғалыс аппараты зақымданған пациенттер медициналық оңалтудан өте алады.

МӘМС арқылы көрсетілетін емнің бұл түрі емханалар мен ауруханаларда ғана емес, жекеменшік клиникаларда, реабилитациялық және спорттық-оңалту кешендері мен санаторийлерде де көрсетіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!