Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

21:08, 23 сәуір 2024

© Сурет: almaty.tv

Атырау облысындағы су тасқынына көмекке барамын деп көз жұмған ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол сапарға шықпай жатып, өзі тиеген жүк көлігіне жаншылып, жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

37 жастағы Түркістан облысының тұрғыны Қайырбек Қоспанов осыдан он күн бұрын ажал құшқан. Марқұм 13 сәуірде апат аймағына жол жүруге жиналған. Алайда сапарға шықпай жатып, өзі тиеген жүк көлігіне жаншылып жан тапсырды. Бұл туралы almaty.tv хабарлады.

Сара Әлібекованың күйеуі Қайырбек Қоспанов Атырау облысына көмекке барамын деп 13 сәуірде көз жұмған. Содан бері ес жия алмай жүрген көпбалалы әйел "бар жұбанышым жеті перзентім" дейді.

"Өзің бармай-ақ қойсаң болмай ма?" деген сұрақ қойдым. Ол ел қатарлы көмек беріп келетінін айтты. Бірақ көңіл-күйі ерекше көтеріңкі болды. Түс көргендей әлі есімді жинай алмай жүрмін", - деді марқұмның жұбайы Сара Әлібекова.

35 жасында жесір қалған әйел төрт ұл мен үш қызын тәрбиелеп отыр. Ауылдастарының айтуынша, марқұм мейірімді болған.


"Ол өз көлігін тиеп болғаннан кейін, қасындағы жолдастарына көмектесті. Аяқ асты көлік платформадан тайып, басып қалды. Жедел жәрдем көлігі келгенше, Қайрош көз жұмды", - деді марқұмның көршісі Бақытжан Гусеинов.

Іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу еңбекті қорғау қағидалары бойынша абайсызда өлімге әкелу бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!