Су тасқыны кезеңінде алаяқтардың тасы өрге домалап тұр

15:55, 17 сәуір 2024

© Сурет: polisia.kz

Алаяқтарға тосқау болмай тұр. Полиция Департаменті халықты тек ресми көздерден алынған ақпараттарға сенуге шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО полиция департаменті қызметкерлері жасаған мониторинг нәтижесінде, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау туралы әр үшінші хабарландыру – алаяқтардың әрекеті екені анықталды.

"Соңғы уақытта су тасқынынан зардап шеккен адамдардың банктік карталарының нөмірлері және көмек сұрау туралы өтініштері көрсетілген хабарландырулар тарап кетті. Олардың барлығын көптеген тұрғындар көрді. Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері осындай хабарландыруларды, нақтырақ айтқанда, суретте, мәтінде көрсетілген адамдар жайлы, олардың есепшоттары туралы мәліметтердің шынайылығын жіті тексереді. Үш күн ішінде алты үлкен чатта 50-ге тарта жалған хабарландыру анықталды. Олардың арасындағы көмек туралы әр үшінші хабарландыру жалған болып шықты. Хабарландырулар жойылды, авторлардың чаттардағы нөмірлері бұғатталды", – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Осы себептен де, полицейлер қаржылық сұрақтармен байланысты кез келген ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге және барынша сақ болуға кеңес береді.

Айта кетейік, мұндай жалған ақпараттарды тарату туралы фактілері, осыған дейін келесі лауазымды тұлғалар атынан да жүзеге асқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!