Студенттерге есірткіні «жасырып кетушіге» қатысты сот отырысы үлгі ретінде көрсетілді
© Сурет: Абай облысының прокуратурасы
Абай облысының прокуратурасының бастамасымен Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Alikhan Bokeikhan University және "Бизнес" колледжінің студенттеріне арнайы сот отырысын өткізді.
Сотталушы Н "жасырып кету" арқылы сату мақсатында аса ірі мөлшерде синтетикалық заттарды сақтағаны үшін айыпталады. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
"Бұл науқан есірткі мәселесіне және жастарға жеңіл ақша табу жолы қандай мәселеге алып келетініне назар аудару үшін басталды", - делінген Абай облысының прокуратурасы хабарламасында.
Сонымен қатар сот процесі аяқталғаннан кейін облыс прокуратурасы қызметкерлерімен студенттерге профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оларға есірткі заттарын сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көзделетіні түсіндірілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:16, 3 қаңтар 2025
Тоқаев 2026 жылы БҰҰ басқара ма
-
10:05, 3 қаңтар 2025
Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш негіз жоқ – Тоқаев
-
09:53, 3 қаңтар 2025
Президент Шерзат Полаттың өлімі туралы айтты
-
09:53, 3 қаңтар 2025
Президент Шерзат Полаттың өлімі туралы
-
09:52, 3 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді