«Әзірге бәрі мінсіз өтіп жатыр»: ШЫҰ бақылаушылары Құрылтай депутаттарын сайлау барысына баға берді
© Сурет: Zakon.kz.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясы Құрылтай сайлауын бақылаудың аралық қорытындысын жариялады. Күннің бірінші жартысында делегация ешқандай заңбұзушылықты тіркемеген және шағымдар түспеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Текку Вейтил Рави Мидхун миссияның мақсаты Астана мен Ақмола облысындағы сайлау учаскелерінде бақылау жүргізу екенін атап өтті. ШЫҰ делегациясының құрамында алты мемлекеттік ұйымнан 17 бақылаушы аккредиттелген.
Олардың қатарында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заң шығарушы, атқарушы және сайлау органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының қызметкерлері, сондай-ақ ұйым хатшылығының лауазымды тұлғалары бар.
Бақылаушылар Астананың әртүрлі аудандарындағы бірнеше сайлау учаскесін аралады. Олар дауыс беру барысымен, сайлаушылар үшін жасалған жағдайлармен және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысты.
"Таңғы сағат 6:30-дан бастап осы уақытқа дейін біздің топ елордадағы әртүрлі аудандарда орналасқан бірнеше сайлау учаскесіне барды. Осы уақыт ішінде біз ешқандай заңбұзушылықты байқамадық және шағымдар алған жоқпыз. Біздің команда жұмысын жалғастырып, бақылау жүргізіп жатыр. Сондықтан толық көрініс ертеңге қарай қалыптасады. Әзірге бәрі мінсіз өтіп жатыр", — деді ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Текку Вейтил Рави Мидхун.
ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары миссия өкілдерінің сайлау учаскелеріне еркін кіріп, бақылау бағыттарын өз бетінше анықтай алатынын айтты. Оның пікірінше, Қазақстанда халықаралық бақылаушылардың жұмысына қажетті жағдайлар жасалған.
"Дауыс беру аяқталғанға дейін ШЫҰ миссиясының өкілдері қандай да бір түпкілікті баға мен қорытынды жасаудан бас тартады. Біздің міндетіміз — сайлау процесінің барлық кезеңін мұқият бақылау және миссия мүшелерінің жеке бақылаулары мен жиналған нақты материалдар негізінде объективті пікір қалыптастыру", — деді Текку Вейтил Рави Мидхун.
Миссия өкілдері Қазақстанда 20 тамыздан бері жұмыс істеп келеді. Дауыс беру күніне дейін олар жекелеген сайлау учаскелеріне барып, жасалған жағдайлармен және дайындық жұмыстарының барысымен танысқан.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін бақылаушылар өз жұмыстарын жалғастырады. Атап айтқанда, олар сайлау учаскелерінің жабылуын және заңнамада көзделген кейінгі рәсімдерді бақылайды.
Миссияның қорытынды бағасы 24 тамызда өтетін баспасөз конференциясында жарияланады.
Бүгін, 2026 жылғы 23 тамызда, Қазақстанда бір палаталы Парламент — Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:11, 23 тамыз 2026
Сайлау учаскелері жіті бақылауда: ІІМ елдегі ахуалды баяндады
-
16:03, 23 тамыз 2026
Өскеменде экзитпол қалай өтіп жатыр: супервайзер сайлаушылардың белсенділігін бағалады
-
15:53, 23 тамыз 2026
Металлургтер мен кеншілер белсенді дауыс беріп жатыр
-
15:35, 23 тамыз 2026
Ақтөбе әкімі Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді
-
15:16, 23 тамыз 2026
Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді







