Құрылтай сайлауы: 11 елде дауыс беру аяқталды
© Фото: Zakon.kz
Сағат 19:00–дегі жағдай бойынша Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады. Оның ішінде 11 елде дауыс беру аяқталды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6007-сі өз таңдауын жасаған.
Шетелдегі дауыс беру рәсімін Астана уақытымен сағат 19:00–де жұмысын бастаған АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі аяқтайды.
Шетелдегі учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хаттамаларды дауыс беру аяқталғаннан кейін дереу Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 23 тамыз 2026
Жетісу облысында Құрылтай сайлауы күні 10 бала өмірге келді
-
19:54, 23 тамыз 2026
Жетісуда Құрылтай сайлауы күні 10 бала өмірге келді
-
19:38, 23 тамыз 2026
Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді
-
19:31, 23 тамыз 2026
«Статистика үшін жүргізіп жатырмыз»: Алматыда экзитпол қалай өтіп жатыр
-
19:25, 23 тамыз 2026
Балуан Нұрасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында қола медальға ие болды





