Астаналықтар азаматтық таңдауын отбасымен бірге жасап жатыр
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау күні "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" ("СОЦИС-А") жеке қоры Zakon.kz тапсырысы бойынша қоғамдық пікірге экзитпол өткізеді.
"Exit poll" сауалнамасы республика бойынша іріктелген 200 сайлау учаскесін қамтиды. Дауыс беріп шыққан азаматтарға өз таңдауы туралы жасырын сауалнамаға қатысу ұсынылып жатыр. Алынған мәліметтер сайлау нәтижелерінің алдын ала көрсеткіштерін анықтау үшін пайдаланылады.
Зерттеу жүргізіліп жатқан орындардың бірі – Астана қаласындағы №93 мектеп-лицейде орналасқан 293 сайлау учаскесі. Мұндағы жұмысты "СОЦИС-А" жеке қорының супервайзері Айгерім Мұратқызы үйлестіріп отыр.
Zakon.kz тілшісі супервайзерден "exit poll" жұмысының қалай ұйымдастырылғанын, қандай міндет жүктелгенін және сайлаушыларды іріктеу кезінде қандай талаптар сақталатынын сұрап білді.
"Біз жұмысымызды таңғы сағат жетіге дейін бастап кеттік. Қызметкерлеріміз сайлау учаскелері жабылғанға дейін жұмыс істейді. Жалпы, сайлаушылардың көңіл күйі жақсы екенін байқауға болады. Көпшілігі дауыс беруге отбасымен бірге келіп жатыр. Олардың арасында егде жастағы азаматтар да, жас отбасылар да бар", – деді Айгерім Мұрат.
"Exit poll" нәтижелері дауыс беру аяқталғаннан кейін заң талаптарына сәйкес жарияланады.
Қазақстан бойынша сайлаушылар тізіміне 12 млн 605 мың 788 азамат енді.
Сайлау барысында қазақстандықтар бес жыл мерзімге Құрылтайдың 145 депутатын сайлайды. Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партиядан ұсынылған Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеді.
Алдағы тарихи Құрылтай сайлауы туралы толық ақпаратты осы жерден оқи аласыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:59, 23 тамыз 2026
Михаил Шайдоров, Шавкат Рахмонов, Назым Қызайбай және басқа спортшылар Құрылтай сайлауында дауыс берді
-
17:43, 23 тамыз 2026
Бибігүл Төлегенова, Айжан Нұрмағамбетова және басқа танымал тұлғалар сайлауда дауыс берді
-
17:36, 23 тамыз 2026
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті
-
17:17, 23 тамыз 2026
Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев құрылтай сайлауында дауыс берді
-
17:06, 23 тамыз 2026
Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды





