Stadler жаңа вагондардың кешігуі үшін ҚТЖ-ға өтемақы төлейді
© Фото: Zakon.kz
"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов 2026 жылғы 11 қарашада Астанада өткен брифингте Stadler вагондарын пайдалануға беру мерзімінің кешігуіне байланысты өтемақы төлеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ануар Ахметжановтың айтуынша, ҚТЖ мен Stadler арасында вагондарды сатып алу-сату және жеткізу туралы шарт бар.
"Біз келісімге келдік. Шарт талаптарына сәйкес өтемақы төленеді. Белгілі бір рәсімдерден өтіп, құжаттарды тапсыру қажет. Жалпы, келісім бар, оған қол қойылған және ол орындалады", – деді ол.
Ахметжанов коммерциялық құпияға сілтеп, өтемақы сомасын жарияламады.
Ал "Штадлер Қазақстан" ЖШС коммерциялық директоры Сергей Леонтьев вагондардың неліктен кешіктірілгенін түсіндірді.
"Вагондардың жекелеген жүйелеріне қажетті қосымша баптаулар жасалды. Одан кейін екі тараптың бақылауымен қосымша сынақтар өткізілді. Вагондардың толық қауіпсіз әрі жайлы екеніне екі тарап та көз жеткізген соң, олар тапсырыс берушілерге тапсырылып, бағыттарға шықты. Қосымша сынақтарға байланысты туындаған барлық шығынды Stadler компаниясы өз мойнына алды", – деп сендірді ол.
Бұған дейін Ануар Ахметжанов жолаушылар тасымалы желісін кеңейту жоспарлары туралы айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 11 қараша 2026
Мұнай бағасы күрт құлдырады: бұл Қазақстанға қалай әсер етеді
-
16:08, 11 қараша 2026
ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті
-
15:47, 11 қараша 2026
11 қарашадағы саудада доллар тағы арзандады
-
15:36, 11 қараша 2026
Алматыда дәмханалар тексеріліп жатыр: айыппұл көлемі 1,2 млн теңгеден асты
-
15:28, 11 қараша 2026
Қазақстандық ғалымдар қай салаға кетті: министр түсіндірді





