Сот үкімін орындаған Төреғали: Міне, ұлы дала баласы ұлы даланы «сыпырып» жатыр...

18:14, 17 қазан 2023

© Сурет: Instagram/toregalitoreali

40 сағат қара жұмысқа жегілген белгілі әнші Төреғали Төреәлі сот тағайындаған жазаны қалай өтеп жатқанын көрсетіп, желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші Instagram-дағы парақшасында қолына сыпырғыш пен тырма ұстап, қаладағы саябақтардың бірінде жапырақтарды сыпырып жүрген видеосын жариялады. Видео сипаттамасына әнші ақын Қадыр Мырзалиевтің өлеңінен үзінді келтірген. Өзі көңілді.

"...Түске дейін бағана саябақта болдық. Енді осы жерді тазалап жатырмыз. Бұл менің тәуелсіз Отаным, тәуелсіз елім, тәуелсіз жерім, тәуелсіз Қазақстаным. Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Оған бағынуымыз керек. Міне, ұлы дала баласы ұлы даланы "сыпырып" жатыр. Мұның еш әбестігі жоқ. Керісінше, тазалық сақтау сүннет. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертең ас ішетін ыдысыңды бүгін жуып қою деген тазалық. Ал тазалық иманнан емес пе?", - дейді әнші видеода.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!