Сот әуе компаниясынан егіз баланың анасының пайдасына 5 млн теңге өндірді

© Сурет: primeminister.kz
Кәмелетке толмаған екі баланың анасы өзі және баласының зардап шегуіне байланысты әуе компаниясынан моральдық шығынды өндіру туралы сотқа талап-арызбен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 13 қаңтарда ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта 2024 жылдың 20 шілдесінде сотқа жүгінуші әйелдің егіз баласы топ жетекшісімен бірге АҚШ-тан Түркия арқылы ұшып кеткені анықталды. 2024 жылдың 21 шілдесінде сағат 09:40-та оның 12 жасар егіздері отырған ұшақ Астанаға қонды, олар сол күні Орал қаласына ұшулары керек еді. Алайда, ұшаққа отыру үшін талап қоюшының бір баласы ғана тіркелген. Сондықтан ұшақ еріп жүрген адаммен егіздің бірі және басқа балалармен бірге сағат 14:20-да Оралға ұшып кеткен, ал бұл кезде егіздердің бір сыңары әуежайда туыс әпкесімен тіркеу орнында қалған. Оралға келесі рейс ертеңінде болған. Сондықтан, әуе компаниясы талап қоюшының үлкендердің қарауынсыз қалған баласын қонақүйге тіркеуді ұсынған, бірақ ұшақ жолаушысы болмағандықтан әпкесі үшін қонақүй ақысын төлеуден бас тартқан.
Бала мен оның туысы әуежайды тастап, полиция қызметкерлерінің көмегімен үйіне оралған.
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты әуе компаниясы қызметкерлерінің кәмелетке толмағанды ұшақ бортына жібермей, оның жолсеріксіз жалғыз қалғанын ескеріп, талап қоюшының пайдасына авиакомпаниядан моральдық шығын үшін 5 млн теңге өндірді. Апелляция шешімді күшінде қалдырды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 18 ақпан 2025
Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді
-
22:10, 18 ақпан 2025
Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың жағдайы ауыр
-
21:53, 18 ақпан 2025
Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы-қарта мен тойбастарды ұрлап кеткен
-
21:43, 18 ақпан 2025
Бозымбаев тергеу аяқталғанға дейін шахтадағы жұмысты қайта бастамауды тапсырды
-
21:38, 18 ақпан 2025
Маңғыстау теміржол станциясында ауыр қылмыс жасаған Қазақстан азаматы ұсталды