Соңғы 7 жылда еліміз бойынша 1483 балабақша ашылып, 1342 заманауи мектеп бой көтерді
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында келесі аптада Қазақстан халқына Жолдауында ел алдында тұрған міндеттер мен жоспарларға кеңінен тоқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, кемшіліктерді түзету үшін жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
"Мен бүгін еліміздің бірқатар жетістігіне тоқталып өттім. Бірақ қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды. Әлі көп жұмыс істеуіміз қажет, кемшіліктер мен олқылықтар бар екенін мойындаймыз, оларды жою және түзету үшін Үкімет пен депутаттар және барлық мемлекеттік қызметшілер күш салуы керек. Мемлекетіміздің алдында тұрған нақты міндеттер мен жоспарлар жөнінде келесі аптада Қазақстан халқына Жолдауымда толығырақ айтамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы білім беру саласын жан-жақты дамытудың маңызына да тоқталып, осы бағытта атқарылған жұмыстарды атады.
"Тағы бір маңызды міндет – білім беру саласын жан-жақты дамыту. Бұл, ең алдымен, жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін қажет. Осы уақыт аралығында еліміз бойынша 1483 балабақша ашылды. 1342 заманауи мектеп бой көтерді. Кейінгі жеті жыл ішінде жастардың жоғары білім алуы үшін жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 655 мыңнан астам оқу гранты бөлінді. Бұл шаралар жас буынның қалаған кәсіпті меңгеруіне, қабілетін ұштауына мүмкіндік береді", – деді президент.
Тоқаев ел жетістіктерінің Тәуелсіздікпен тығыз байланысты екенін айтып, азаматтарды мемлекеттілікті нығайту жолында еңбек етуге шақырды.
"Егемен елдің еңсесі – биік" деген сөз бар. Біз қасиетті Тәуелсіздігіміздің арқасында түрлі салада толайым табысқа жетіп келеміз. Сондықтан бейбіт күннің қадірін біліп, мемлекеттігімізді күшейте түсу үшін табанды еңбек етуіміз керек", – деді мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:33, 23 қазан 2026
Шанхайда ерекше сәулетті опера театры ашылды
-
14:24, 23 қазан 2026
Алматы әуежайында төбеден жолаушылардың үстіне сұйықтық тамшылаған
-
14:13, 23 қазан 2026
Оралда жүк көлігі қағып, ауыр жарақат алған балаға 10 млн теңге өтемақы тағайындалды
-
14:05, 23 қазан 2026
Ақмола облысында заңсыз алтын іздеушілерді ұстау кезінде полиция аспанға оқ атты
-
13:53, 23 қазан 2026
Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады





