Солтүстік Қазақстан облысында республикалық трассалардың бірі бойынша жол жүру шектелді

16:37, 25 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

2024 жылғы 25-27 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында республикалық трассалардың бірінде көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, шектеу М-51 "РФ шекарасы (Челябинскiге) — РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 525-530 шақырым аралығындағы учаскесінде енгізіледі.

"Шұңқыр жөндеу жұмыстарына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады",- делінген "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ақпаратында.

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық трассалардың бірі бойынша жол жүру шектелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2024 16:37

Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!