Алматыдағы Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жасқа толды
© Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Алматыда 25 қазан күні соғыс ардагері Қамбар Сәрсеновты ғасырлық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы гарнизонының баспасөз қызметі хабарлағандай, ардагерді құттықтады:
- Медеу ауданының қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері;
- Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшылығы;
- ҚР Қарулы күштері Ардагерлер кеңесінің өкілдері.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
"Қамбар Сәрсеновтың өмір жолы-батылдықтың, борышқа және Отанға адалдықтың жарқын үлгісі",-деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының бастығы, генерал-майор Нұртас Қабақов.
Құрмет белгісі ретінде институт курсанттары ардагердің алдында салтанатты шерумен өтті. Мерейтой иегері құттықтау сөздерін ризашылықпен қабылдап, батасын беріп, Қазақстан тұрғындарына бейбітшілік пен амандық тіледі.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Ардагер соғыс кезіндегі қиын-қыстау сәттерді есіне алып, жас ұрпаққа әңгімелеп берді. Оның айтуынша, ол Беларуссияда, Латвияда, Литвада соғысып, Кенигсбергті алуға қатысқан.
Әскери қызмет жылдары үш рет жараланған және келесі марапаттарға ие болған:
- І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен;
- II және III дәрежелі Даңқ ордендерімен;
- Қызыл Жұлдыз орденімен;
- өзге де көптеген медальдармен.
Соғыстан кейін Қамбар Сәрсенов ІІМ органдарында қызмет етіп, кейін біраз жылдар бойы Алматының энергетикалық жүйесінде жұмыс істеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





