СҚО-да республикалық маңызы бар жолдағы көлік қозғалысы ашылды

19:30, 25 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысын ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты М-51 "РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 525-530 шақырымы аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары тоқтатылды.

Сол себепті көлік қозғалысы ашылды.

Еске салайық, бұған дейін 2024 жылғы 25-27 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында шұңқыр жөндеу жұмыстарына байланысты М-51 "РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 525-530 шақырым аралығындағы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!