Арыста жылу қазандықтары газға ауыстырылып, тұрғындарға табиғи газ жеткізілді
© Фото: zakon.kz
Республика күні қарсаңында арыстықтар көптен күткен қуанышқа кенелді. Қалада орналасқан ескі қазандықтардың орнына табиғи газбен жұмыс істейтін заманауи қондырғылар орнатылып, қала халқы жаңартылған жылу жүйесіне қосылды.
Жергілікті тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы барып, қала басшысы Гүлжан Құрманбековамен бірге "Орталық қазандықтың" жұмыс барысын бақылады. Жаңадан орнатылған қазандықтардың технологиялық процестері толығымен автоматтандырылған.
Жобаның жалпы құны 513 млн. теңгені құрайды. Мұнда ART Boilers БМКГ-13957 модульдік қазандығы орнатылған. Ол табиғи газбен де, дизель отынымен де жұмыс жасайды. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен қазандыққа дейін 4,7 шақырым газ құбыры тартылды.
Зұлпыхар Жолдасов бұл жобаның қаланың дамуына айтарлықтай үлес қосатынын және экологияға оң әсерін тигізетінін атап өтті. Жылу жүйесінің газға көшуі тұрғындарға қолайлы жағдай туғызатынын жеткізді.
Айта кетейік, "Арыс жылу" мекемесі арқылы қазіргі таңда 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме мен 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіліп отыр.
Арыстықтар ұлттық мерекені қос қуанышпен тойлады. Мереке қарсаңында қала орталығындағы Әуесхан Салықбаев көшесінің тұрғындарына табиғи газ берілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары мен қала әкімі алғашқылардың бірі болып "көгілдір отынға" қосылған Тәлебиевтер әулетіне арнайы барып, ізгі тілектерін жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 24 қазан 2024
Талдықорғанда картоп фриі пен корн-дог декларациясыз сатылған
-
20:59, 24 қазан 2024
Павлодар облысында трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
-
20:02, 24 қазан 2024
Республика күні Түркістанның 300-ге жуық тұрғыны баспаналы болды
-
19:47, 24 қазан 2024
Шымкентте «Отбасы банкінің» 300-ден астам салымшысы баспана кілтін алды
-
19:15, 24 қазан 2024
Астанада өткен форумда Қазақстанда қайырымдылық жасау мәдениетін дамытудың маңызы туралы айтылды