Соболенко Уимблдондағы жеңілісінен кейін тенниске қайта оралуына не әсер еткенін айтып берді
© Сурет: Instagram/arynasabalenka
Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі және "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Арина Соболенко Уимблдондағы сәтсіз өнер көрсетуден кейін қайта қалпына келуіне қанша уақыт кеткенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, беларусьтік теннисші биылғы жаз маусымы өзі үшін физикалық әрі психологиялық тұрғыдан өте ауыр өткенін мойындады. Оның айтуынша, қысқа мерзімді демалыс күш-жігерін қалпына келтіріп, тенниске деген ынтасын қайта оятқан.
"Менің ойымша, демалыс маған өте қажет болды. Жаз мезгілі мен үшін оңай өткен жоқ – физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қатты шаршадым. Сондықтан үзіліс жасау өте маңызды еді. Миконостан кейін шамамен бес-алты күн, мүмкін одан да аз уақыт демалдым. Сол уақыттың өзінде өзімді әлдеқайда жақсы сезіне бастадым. Бірден кортқа қайта оралып, алға қойған мақсаттарым үшін жұмыс істегім келді. Егер нақты айтсам, тенниске деген құлшынысымды қайта табуға небәрі бір апта жеткілікті болды", – деді Соболенко баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Арина Соболенко биылғы Уимблдон турниріндегі жарыс жолын төртінші айналымда аяқтады. Ол күтпеген жерден Жапонияның өкілі Наоми Осакадан 2:6, 6:7 (2:7) есебімен жеңіліп қалған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:15, 4 тамыз 2026
«Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандыда зейнеткер 15 миллион теңгесінен айырылды
-
13:09, 4 тамыз 2026
Павлодарда полицейлер із жасырып жүрген 57 адамды анықтады
-
12:58, 4 тамыз 2026
Әлемде етке деген сұраныс артып, Қазақстандағы бағаға да әсер етті
-
12:42, 4 тамыз 2026
«Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандыда зейнеткер 15 миллион теңгесінен айырылды
-
12:33, 4 тамыз 2026
Қазақстанда аса маңызды импорттың үлесі төмендеді





