Смайылов Түркия Республикасының вице-президентімен телефон арқылы сөйлесті

21:05, 17 қаңтар 2022

© Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. 

Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады. Әлихан Смайылов

Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $3,74 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі.

ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 млрд инвестиция салды, ҚР-ның ТР-ға салған инвестиция көлемі $1,1 млрд құрады.

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!