2027 жылы Қазақстан бюджетінің шығысы 30 трлн теңгеден асады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 17 қыркүйекте Құрылтай отырысында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет шығысының көлемі мен бюджет тапшылығын азайту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол Мемлекет басшысының "үлкен құрылысқа" бағыт алғанын, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын пайдалануға болатынын атап өткенін еске салды.
"Әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салу жөніндегі ауқымды бағдарламаны іске асыру міндеті қойылды. Осыған байланысты аса маңызды нысандар мен жалпыұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028-2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлу көзделген", – деді ол.
Оның айтуынша, Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд доллар деңгейінде болжанып отыр. 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 70,6 млрд долларға дейін ұлғаяды.
"Республикалық бюджет тапшылығы 2027 жылы жалпы ішкі өнімнің 2,3%-ы деңгейінде белгіленді. Бұл көрсеткіш 2028 жылы 1%-ға, ал 2029 жылы 0,4%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендетіледі. Мұнайға қатысты емес тапшылық 2027 жылғы жалпы ішкі өнімнің 5,3%-ынан 2028 жылы 3,5%-ға, 2029 жылы 2,5%-ға дейін қысқарады. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің параметрлері бюджеттік қағидалар ескеріле отырып айқындалды. 2027-2029 жылдары шығыстардың өсу қарқыны 109,2-109,4% деңгейінде тұрақтандырылды", – деді Азамат Әмрин.
Ол республикалық бюджет шығысы 2027 жылы 30,2 трлн теңге, 2028 жылы 29,4 трлн теңге, ал 2029 жылы 29,6 трлн теңге көлемінде жоспарланғанын атап өтті.
Бұған дейін 2027 жылы Қазақстан бюджетіне қанша қаражат түсіру жоспарланып отырғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 17 қыркүйек 2026
Қазақстандық жүкті әйелін үш ай бойы ұрып-соғып, қылғындырып, азаптаған
-
11:44, 17 қыркүйек 2026
17 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:37, 17 қыркүйек 2026
Алдағы үш жылда Қазақстан экономикасы 5%-дан астам өседі деп болжанып отыр
-
11:31, 17 қыркүйек 2026
2027 жылы Қазақстан бюджетіне қанша қаражат түседі
-
11:22, 17 қыркүйек 2026
Суданда ондаған адам алтын кенішінің астында қалып, қаза тапты





