2027 жылы Қазақстан бюджетіне қанша қаражат түседі
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 17 қыркүйекте Құрылтай отырысында 2027 жылы республикалық бюджетке қанша кіріс түсетіні және оның қандай факторлардың есебінен өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы негізінде 2027-2029 жылдарға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы әзірленген.
"Бюджет болжамы бюджет қағидалары мен Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленген нысаналы көрсеткіштерге негізделді. Республикалық бюджет кірістерінің болжамын есептеу кезінде өткен жылғы нақты орындалу көрсеткіштері және биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша жасалған бағалау негізге алынды. Осылайша, 2027 жылы кірістер 19,9 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 10%-ы көлемінде болжанып отыр", – деді ол.
Азамат Әмриннің мәліметінше, биылғы жылға берілген бағалаумен салыстырғанда кірістер 2,8 трлн теңгеге артады. Негізгі өсім экономика көлемінің ұлғаюы есебінен – 1,6 трлн теңге, қосылған құн салығын қайтару сомасының азаюы есебінен – 1,1 трлн теңге және басқа да факторлар есебінен 0,5 трлн теңге болады деп күтіледі.
"Сонымен қатар кірістердің 0,5 трлн теңгеге төмендеуі күтіледі. Салық түсімдерінің басым бөлігін қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы құрайды. Салықтық емес түсімдер 377 млрд теңге, арнайы түсімдер 18 млрд теңге көлемінде белгіленді. Бюджет қағидасы ескеріле отырып, кепілдендірілген трансферт көлемі 2027-2028 жылдары 2 трлн 430 млрд теңге, ал 2029 жылы 2 трлн теңге болып айқындалды", – деді бірінші вице-министр.
Бұған дейін Азамат Әмрин Құрылтай отырысында жалпы ішкі өнімнің өсімі, инфляция және мұнай бағасы қамтылған Қазақстан экономикасының 2027-2029 жылдарға арналған даму болжамын таныстырған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 17 қыркүйек 2026
Қазақстандық жүкті әйелін үш ай бойы ұрып-соғып, қылғындырып, азаптаған
-
11:44, 17 қыркүйек 2026
17 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:37, 17 қыркүйек 2026
Алдағы үш жылда Қазақстан экономикасы 5%-дан астам өседі деп болжанып отыр
-
11:22, 17 қыркүйек 2026
Суданда ондаған адам алтын кенішінің астында қалып, қаза тапты
-
11:16, 17 қыркүйек 2026
Дельфиндерді тамашалауға барған туриске акула шабуыл жасады





