СҚО полициясы желідегі шекарашы мен есірткі жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
© Сурет: unsplash
Әлеуметтік желіде "СҚО полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-дүкендердің бірінде есірткі таратушы болып жұмыс істеуі мүмкін ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерін ұстады" деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Zakon.kz редакциясы СҚО ПД баспасөз қызметіне осы мәселеге қатысты түсініктеме алу үшін сұрақпен жүгінді. Белгілі болғандай, 27 жастағы елорда тұрғыны ұсталған. Ол Петропавлға синтетикалық есірткі жеткізді деген күдікке ілінген.
"Полицейлер одан шамамен 520 грамм болатын α-PvP және "мефедронды", сондай-ақ 10 грамм гашишті тәркіледі. Бұл факт бойынша полиция тергеу шараларын қолға алды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 7 пакет есірткі тәркілегенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:10, 9 мамыр 2026
БҚО әкімі майдангерлерге мемлекет басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді
-
18:01, 9 мамыр 2026
Астанадағы Grand Slam турнирі: Аңсарбек Ғайнуллин қола медаль еншіледі
-
17:53, 9 мамыр 2026
Жеңіс күні: Батыс Қазақстан облысының әкімі майдангерлерге президенттің құттықтауын жеткізді
-
17:42, 9 мамыр 2026
Жексенбіде еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 9 мамыр 2026
Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде «алтынға» таласады





