БҚО әкімі майдангерлерге мемлекет басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді
© Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соғыс және еңбек ардагері Вениамин Скаленко Бөрлі ауданында дүниеге келген. 17 жасында әскер қатарына алынып, майданға аттанды.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
98-гвардиялық әуе-десанттық Свирь дивизиясы құрамында болды. Будапешт, Вена және Братислава қалаларын азат етуге қатысқан. Зайыбы Ксения Федосеевна – тыл ардагері.
Соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапич 1923 жылы Ақмола облысында дүниеге келіп, Алматыда білім алған. Ол майдан даласында Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Мәскеуде өткен әйгілі Жеңіс шеруінде болды.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Соғыстан кейінгі жылдары прокуратура органдарында еселі еңбек етті. Сала ардагеріне ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың құттықтау хаты табысталды.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі майдангерлерді мерекемен құттықтап, амандығын тіледі. Нариман Төреғалиев ерлікпен, еңбекпен өрілген өмір жолы қайсар рух пен отансүйгіштіктің озық үлгісі екенін айтты.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Отан үшін от кешкендердің құрметіне оркестр Жеңіс әндерін шырқады. Соғыс және еңбек ардагерлері құттықтай келгендерге ақ батасын беріп, елдің амандығын, жердің тұтастығын тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 9 мамыр 2026
Астанадағы Grand Slam турнирі: Аңсарбек Ғайнуллин қола медаль еншіледі
-
17:53, 9 мамыр 2026
Жеңіс күні: Батыс Қазақстан облысының әкімі майдангерлерге президенттің құттықтауын жеткізді
-
17:42, 9 мамыр 2026
Жексенбіде еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 9 мамыр 2026
Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде «алтынға» таласады
-
16:40, 9 мамыр 2026
Прагада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті





